Жеке деректерді қорғау ережелерін бұзғандарға 10,6 млн теңге айыппұл салынды

Фото: freepik
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев депутаттық сауалға берген жауабында қазақстандықтардың жеке деректерін қорғау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол жеке деректерді қорғау саласындағы заң талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды.

"2025 жылдың басынан бері жеке деректерді қорғауды қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган заңнаманың сақталуын тексеру үшін 69 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде 22 заңды тұлға мен лауазымды адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 10 665 350 теңге көлемінде айыппұл салынды", – делінген министрдің жауабында.

Бұдан бөлек, нысанға барусыз, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" заң талаптарын бұзғаны үшін 17 жеке тұлғаға 1 248 410 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі