ШҚО-да алаяқтар 82 жастағы әжеден ірі көлемде қаражат жымқырды

Фото: unsplash
Полицияға Өскемен қаласының 82 жастағы тұрғыны хабарласып, оның үйдегі телефонына белгісіз әйелдің қоңырау шалғанын айтқан.

Өзін зейнеткердің қызы ретінде таныстырған ол жол-көлік оқиғасына ұшырағанын айтып, мәселені шешу үшін ақша қажет деп сендірген.

Осылайша алаяқ қарт әйелді алдап, ақша беруге көндірген. Зейнеткер өз пәтерінде бейтаныс ер адамға қаражатты қолма-қол берген.

Алаяқтардың әрекетінен келтірілген шығын 1 500 000 теңгені құраған. Полицейлер бейнебақылау инспекторларымен бірлесіп, күдіктіні жедел түрде анықтады. Ол – өзге облыстан келген 22 жастағы азамат екені белгілі болды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тергеу әрекеттері жалғасуда. Полиция департаменті тұрғындарды абай болуға, әсіресе қарт кісілерге ерекше назар аударып, сөйлесіп тұруға шақырады.

Бейтаныс адамдарға ешқашан ақша бермеуді және қандай да бір ақпаратты әрдайым жақындарыңыздан нақтылап отыруды ескертеді. Күмән туындаған жағдайда бірден 102 арнасына хабарласыңыздар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз