Әлеуметтік желілерде Астана – Алматы бағытындағы ұшақта денсаулық сақтау министрінің жолаушыға көмек көрсеткені туралы оқиға кең талқыланып жатыр.
"Мен бірінші рет көмек көрсетіп тұрған жоқпын, бірақ мұның алғаш рет әлеуметтік желіде таралуы. Жолаушының қан қысымы көтерілген, құсу болды. Ұшақта "дәрігер бар ма?" деп сұраған соң, әрине, көмектесуге жүгіріп бардым. Менің ойымша, кез келген медицина қызметкері дәл осылай істейтін еді", – деді Әлназарова.
Видео желіде тез таралып, пікірлердің барлығы бірдей оң болмады – кейбір қолданушылар бұл әрекетті министрдің PR-қадамы деп бағалады.
"Мен әр адамның пікіріне әсер ете алмаймын деп ойлаймын. Маған маңызды болғаны – өз борышымды орындадым. Бұл жерде ешкімнің алдында ақталу міндетім жоқ", – деп жауап берді министр.
Бұған дейін біз Денсаулық сақтау министрінің ұшақта жолаушыны құтқарып қалғаны туралы жазған едік.