Жетісу облысында ойын-сауық орталығын өртеген азаматқа сот үкімі шықты

Фото: pexels
Панфилов ауданында мүлікті қасақана жою фактісі бойынша қозғалған резонанстық іске нүкте қойылды. Сот 25 жастағы азаматты Жаркент қаласындағы ойын-сауық орталығы ғимаратын өртегені үшін кінәлі деп танып, оған сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Келтірілген материалдық шығын 81 миллион теңгеден асты. Тергеу барысында анықталғандай, түнгі уақытта айыпталушы компьютерлік клубтардың бірінде клуб оператормен бірге алкогольдік сусын ішкен.

Мас күйінде араларында жанжал туындап, айыпталушы мүлікті сындырып, жабдықтарды бүлдіріп, соңында ғимаратқа өрт қойған.

Оқиға орнын тастап кеткенімен, төтенше жағдай салдарынан ғимарат пен техниканың басым бөлігі зақымданды.

Сот істің барлық мән-жайын ескере отырып, айыпталушыға ҚАЖ мекемесінде өтеу үшін сегіз жыл жаза тағайындап, келтірілген шығынды өтеу міндетін жүктеді.

Бұл оқиға — бір сәттік ашудың ауыр жауапкершілікке, ұзақ жыл бойғы өкінішке және үлкен қаржылық шығынға алып келетінін еске салатын маңызды сабақ.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз