ШҚО-да полицейлер талапқа бағынбаған жүргізушіні тоқтатты

Фото: unsplash
Шығыс Қазақстан облысында "Қауіпті жүргізуші" жедел профилактикалық акциясы барысында тәртіп сақшылары жолдағы аса қатерлі құқық бұзушылықтың алдын алды.

Рейд кезінде инспекторлар 22 тоннадан астам дизель отынын тасымалдап келе жатқан SHACMAN SX3000 автоцистернаны тоқтатты.

Көлік тізгінінде 49 жастағы облыс тұрғыны отырған. Полицейлер жүргізушінің масаң күйде болуы мүмкін деген күдік тудырған белгілерін байқап, оны міндетті түрде медициналық куәландырудан өтуге шақырды.

Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынудан бас тартқан. Осыған байланысты оған ішкі істер органдары өкілдерінің заңды талабына бағынбау және масаң күйде болу фактісін анықтау мақсатындағы медициналық куәландырудан жалтару деректері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. ШҚО полиция департаменті полицейлердің заңды талабын орындамау жол қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретінін, әсіресе қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау — қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі екенін еске салады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды