Қарағанды облысындағы кафеде газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар

Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты станциясында орналасқан бір кафеде газ баллоны жарылып, соның салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, алғашқы бөлімшелер жеткен кезде кафені толық өрт шалған.

"Қазіргі уақытта зардап шеккендер жақын маңдағы аудандық ауруханаға жеткізіліп жатыр, онда оларға төсек орындары дайындалған және қажетті медициналық көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы пойызда 52 адам уланғанын хабарлаған едік.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды