Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, тағы бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облыстық полиция департаменті екі адам қаза тауып, тағы бір адамның жарақат алған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, "Екібастұз – Солнечный" автожолының 10-шақырымында КамАЗ маркалы автокөлік НефАЗ тіркемесімен қарсы қозғалыс жолағына шығып, Great Wall автокөлігімен соқтығысқан. Көктайғақ салдарынан екі көлік те жолдан тайып, аударылып, сайға құлаған".

Полицейлердің айтуынша, екі автокөлік те мамандандырылған тұраққа қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда есірткіге мас күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталғанын хабарлаған едік.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты