Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны қарызын өтеу үшін жылқы ұрлаған

Фото: primeminister.kz
Желтоқсан айының басында Мұғалжар ауданы аумағында еркін жайылымнан 13 жылқы ұрланды. Шаруа қожалығының басшысы келтірілген материалдық шығынды 9 млн теңге деп бағалады.

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Темір ауданының тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Тергеу барысында күдіктінің қараусыз жайылып жүрген жылқыларды қораға айдап әкеліп, кейін оларды өзіне шарт бойынша сеніп тапсырылған, алайда бұрын жоғалып кеткен малы бар азаматтарға таратып бергені белгілі болды.

Жылқылардың бір бөлігі полиция қызметкерлері тарапынан тәркіленді. Алайда кейбір малды ауыл тұрғындары соғымға сойып үлгерген.

Аталған дерек бойынша мал ұрлығы белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарға ауыл шаруашылығы жануарларының сақталуын күшейтуді, малды жайылымға беру кезінде шарт талаптарын қатаң сақтауды, сондай-ақ мал жоғалған жағдайда полицияға дереу хабарласу қажеттігін ескертеді.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты