ІІМ: Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дерегі анықталды

Фото: Zakon.kz
Жаңа жыл мерекесі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтық пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде заң талаптарының сақталуын бақылау мақсатында "Пиротехника" арнайы шарасы өткізіліп жатыр.

Шараға 1 мыңнан астам бірлескен рейдтік топ қатысып, 2 мыңнан астам рейдтік іс-шара өткізді. Оның нәтижесінде пиротехникалық бұйымдардың айналымын бұзудың 90-ға жуық дерегі тіркелді. Оның ішінде тауарларды немесе басқа заттарды заңсыз сату бойынша 84 дерек және елді мекендерде, сондай-ақ арнайы бөлінбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану арқылы қоғамдық тыныштықты бұзу бойынша 5 дерек анықталды.

Құқық бұзушылардан 705-тен астам дана және 100-ге жуық қорап сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді.

ІІМ ескертетіндей, пиротехникалық бұйымдарды тек лицензиясы бар мамандандырылған дүкендерден немесе стационарлық сауда павильондарынан сатып алу қажет. Сатып алу кезінде өнімге сәйкестік сертификатын талап ету керек, әрбір бұйымда мемлекеттік және орыс тілдерінде толық қолдану нұсқаулығы болуы тиіс. Нұсқаулыққа назар аударып, сақтау мерзімін тексеру маңызды; мерзімі өткен өнімді пайдалану қатаң тыйым салынады.


– Мереке күндеріңіз қауіпсіз болсын. Қауіпсіздік – қарапайым қағидалар сақталған жерден басталады, – деді ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды