Қызылорда облысының әкімі 280 млн доллар инвестиция тартуға уәде берді

Фото: freepik
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 2025 жылғы 22 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдің инвестициялық ахуалы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның мәліметінше, 2022–2024 жылдары облыстың экономикасына шамамен 1,6 трлн теңге инвестиция тартылған.

"Ағымдағы жылы 631,4 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған еді. 11 айдың қорытындысы бойынша 717 млрд 900 млн теңге инвестиция тартылып, жоспар 13,7%-ға артығымен орындалды. Жыл қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 750 млрд теңгеден асады", – деді Налибаев.

Ол 2021 жылмен салыстырғанда инвестиция көлемі 233%-ға өскенін және жеке инвестициялардың үлесі 70%-ды құрайтынын атап өтті.

"Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында тікелей шетелдік инвестиция көлемі 173 млн АҚШ долларын құрады. Жыл қорытындысы бойынша 280 млн АҚШ долларына дейін шетелдік инвестиция тарту күтілуде", – деп мәлімдеді әкім.

Бұған дейін Қызылорда облысы құрылыс көлемі бойынша республикада көшбасшы өңірлер қатарында екенін жазғанбыз.

Қызылорда
Қазақстан
Нәлібаев Нұрлыбек

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды