Утиль алымынан түскен қаражат қоқысты бөлек тасымалдауды ынталандыруға жұмсалады

Сурет: Zakon.kz коллажы
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Руслан Түкенов қалдықтарды тасымалдаумен айналысатын ұйымдарды ынталандыру шаралары жөнінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, Экология министрлігі қоқысты бөлек жинау мен бөлек тасымалдау жүйесін енгізген ұйымдарға қосымша қолдау көрсетпек.

"Қалдықтарды бөлек жинау, бөлек тасымалдау және қайта өңдеу талаптарын орындап отырған қоқыс тасымалдаушы ұйымдар қосымша ынталандырылады. Олар утиль алымынан түскен қаражат есебінен субсидия алады", – деді Руслан Түкенов.

Спикердің пікірінше, бұл шаралар қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізуге экономикалық тұрғыда серпін береді.

"Бұдан бөлек, қалдықтарды сұрыптау арқылы пайдалы құрамдас бөліктерді өткізіп, одан табыс табуға болады. Осы тетіктердің барлығы бірлесіп оң нәтижеге жеткізуі тиіс", – деп атап өтті ол.

Бұған дейін Руслан Түкенов бөлек жиналған қоқыстың қайтадан бір көлікке тиеліп әкетілуіне қатысты пікір білдірген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы