Алматыда заңсыз айналымнан жарты тоннадан астам пиротехника тәркіленді

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындар арасында жарақат алу деректерінің алдын алу мақсатында "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Іс-шара басталғалы бері полиция қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату бойынша 52 деректі анықтады.

Тексеру нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы салмағы шамамен 510 келіні құрайтын 167 қорап пиротехникалық өнім тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша 52 әкімшілік іс қозғалды.

Алматы қалалық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Құлбаевтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

"Өткізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты — жарақат алу мен өрт шығу қаупінің алдын алу, сондай-ақ жаппай және мерекелік іс-шаралар кезеңінде азаматтардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Полиция пиротехникалық бұйымдардың заңсыз айналымына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдай береді", — деді Асхат Құлбаев.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

Шымкентте пәтерден екі баланың мәйіті табылды