Жыл бойы медициналық қызметке жүгінбегенде, МӘМС жарналары не болады

Фото: Zakon.kz
Алматы облыстық Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы 2025 жылғы 29 желтоқсанда МӘМС жарналарының қайда түсетіні және медициналық қызметтерді пайдаланбаған жағдайда олармен не болатыны жөнінде түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қордың хабарлауынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі ынтымақтасқан сипатта болып, жеке жинақ шоттарын қарастырмайды.

"Барлық жарналар мен аударымдар Ұлттық банктегі бірегей арнайы шотқа түседі. Сол шоттан олар әр ай сайын МӘМС бойынша медициналық қызмет көрсеткен ұйымдарға төленеді. Яғни, қаражат негізінен МӘМС бойынша емделген науқастар үшін пайдаланылады. Бұл әр азаматтың медициналық көмек алу көлемін шектемей қамтамасыз ету үшін жасалған, себебі кейбір медициналық қызметтердің құны бірнеше жүз мыңнан миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Мұндай қызметті жеке жарналар есебінен төлеу мүмкін емес, өйткені жылдық ең жоғары жарна көлемі 204 000 теңгеден аспайды", – деп түсіндірді филиал өкілдері.

Жыл соңында бірегей шотта қалған МӘМС қаражаттары келесі жылға ауысып, жылдың басында медициналық ұйымдарға алдын ала төлем ретінде жіберіледі.

МӘМС-тің ынтымақтасқан жүйесі – азаматтарға қор қаражатын дәрі-дәрмек немесе басқа қажеттіліктерге пайдалануға берілмейтін себептердің бірі. Алайда болашақта амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде дәрілер үшін қосымша төлем енгізу жоспарланып отыр.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі