Қаржы министрлігінде кейбір жеке кәсіпкерлер үшін салық төлеудің жаңа тәртібі түсіндірілді

Фото: freepik
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2025 жылғы 29 желтоқсанда Мәжіліс кулуарында оңайлатылған режимнен жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне өткен жеке кәсіпкерлердің (ЖК) салық салыну ерекшеліктері туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ержан Біржановтың айтуынша, 2026 жылдан бастап мұндай әрбір кәсіпкерге тегін кеңес беретін бухгалтер бекітіледі. Ол бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша консультациялық көмек көрсетеді.

"Егер жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген режимге өтсе, бұл кірістер мен шығыстардың есебін жүргізуді талап етеді. Яғни, кәсіпкер тауар сатса, оны қандай бағамен сатып алғанын көрсетуі тиіс. Басқаша айтқанда, бухгалтерлік есеп жүргізіп, шот-фактура алуы қажет. Салық та тек айырмашылықтан төленеді. Мысалы, тауарды 1 миллион теңгеге сатып алып, 1,5 миллион теңгеге сатса, жеке табыс салығын (ЖТС) 500 мың теңгеден, яғни тек айырмашылықтан 10 пайыз мөлшерінде төлейді. Бұл салық бүкіл айналымнан емес, тек таза табыстан алынады", – деп түсіндірді вице-министр.

Ал оның айтуынша, оңайлатылған декларация бойынша салықтар барлық айналым сомасынан төленеді және шығыс бөлігін есепке алу қарастырылмайды.

Бұған дейін Ержан Біржанов жеке кәсіпкерлердің жаппай қызметін тоқтату туралы өтініш беріп жатқаны жөніндегі ақпаратқа да пікір білдірген болатын.

Қазақстан
Халық бухгалтері

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі