Бұл сұрақты журналистер көтеріп, министрдің өзі бағаның өсіп жатқанын байқады ма деп қызығушылық танытты.
"Иә, әрине, мысалы, азық-түлік бағасы қымбаттап жатыр. Біз бәріміз базарға да, дүкендерге де барамыз, сондықтан бағаның өсіп жатқанын көріп отырмыз. Кеше балаларыммен дүкенге бардық, сол кезде олар Twix шоколадының қымбаттап кеткенін айтты", – деді Мәди Такиев.
Сондай-ақ ол қаржы министрі ретінде мемлекеттік қызметкерлермен қатар жекеменшік сектордағы қызметкерлердің жалақысын көтеру жөнінде бастама көтере ме деген сұраққа жауап берді.
"Бұл – азаматтық-құқықтық қатынастар. Біз бизнестің қызметіне тікелей араласа алмаймыз. Дегенмен, менің білуімше, ірі бизнес әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді: олар 13-ші, тіпті 14-ші жалақыны да төлейді. Мұнда анағұрлым теңгерімді көзқарас бар", – деп атап өтті Қаржы министрі.
Бұған дейін жаңа жылдық мейрамға байланысты Алматыдағы ботаникалық бақтың жұмыс кестесіне өзгерістер енгізілгенін жазғанбыз.