Оқу-ағарту вице-министрі жаңадан тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жайық Шарабасов ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылы 29 желтоқсанда ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жайық Шарабасов 1980 жылы Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын және Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымда бастаған. 2004–2006 жылдары — Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат департаментінің әртүрлі бөлімдерінде бас маманның міндетін атқарушы, бас маман лауазымдарын атқарды. 2006 жылдан 2010 жылға дейін — ҚР Әділет министрлігі Дін істері комитетінің Талдау және ақпараттық-насихаттау жұмысы бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы. 2010–2012 жылдары Дін істері комитеті, Діни бірлестіктермен жұмыс басқармасының 1-санаттағы сарапшысы болып жұмыс істеді.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін АҚШ университеттеріндегі уақытша шектеулер "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттердің стипендия төлемдеріне әсер етпегені хабарланған.

Қазақстан
Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды