Елордада жаңажылдық отшашуды екі жерден көзбе-көз тамашалауға болады

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астанада 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 00:00-де демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік жаңа жылдық отшашулар атылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, отшашулар екі жерде іске қосылады:

"Елорда тұрғындары мен қонақтарына отшашу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Атырау" көпірі ауданындағы жағалаудың мұзына шығуға қатаң тыйым салынатынын еске саламыз", делінген әкімдік хабарламасында.

Сонымен қатар Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шара өтеді.

31 желтоқсан күні сағат 21:00-ден бастап "Қазақ елі" монументінің жанындағы алаңда, "EXPO" аумағында, сондай-ақ қалалық алаңда (әкімдік алдында) шығармашылық ұжымдар мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін Жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Іс-шараға отандық эстрада жұлдыздары Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, Қазыбек Құрайыш, Серік Ибрагимов, Жұбаныш Жексенұлы, Ақбота Керімбекова, "Меломен", "Бәйтерек" топтары және басқа да әртістер қатысады.

Айта кетсек, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ішкі істер министрлігі еліміз бойынша "Құқықтық тәртіп", "Шырша" және "Пиротехника" атты жедел алдын алу іс-шараларын өткізіп жатыр. Аталған шаралар 20 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін өз жалғасын табады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті