Шымкентте Жаңа жыл қарсаңында 203 отбасы баспаналы болды

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі
Шымкентте Жаңа жыл қарсаңында 203 отбасыға Бозарық шағынауданынан баспана кілттері табысталды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жаңа пәтер иелерін құттықтады, шаңырақтарына бейбітшілік пен молшылық тіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, пәтерлер баспана кезегіндегі азаматтарға "Отбасы банк" АҚ арқылы "2-10-20" және "5-10-20" жеңілдік шарттарымен берілді. Қоныстанушылар арасында ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың қызметкерлері бар.

Қала әкімі қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаудың маңызды бөлігі екенін және қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

Белгілі болғандай, Бозарық шағынауданында мемлекеттік тұрғын үй саясатын жүзеге асыру аясында 444 пәтерлі 12 тұрғын үй кешені салынуда. Қалған пәтерлер азаматтардың төлем қабілеттілігі тексерілгеннен кейін бөлінеді.

Бұған дейін 2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ға қанша талапкер қатысатындығын жазғанбыз.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды