Мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздікте қандай бұзушылықтарға жол бергені белгілі болды

Фото: freepik
Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин 2026 жылғы 6 қаңтарда Үкіметтегі брифингте 2025 жылы мемлекеттік органдардың цифрлық қауіпсіздік саласында жіберген бұзушылықтары туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Вице-министр нақты тізімді қазір атай алмайтынын ескертті, бірақ кейбір мысалдарды келтірді.

"Негізгі бұзушылықтар – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелердің кейбіріне ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығына қосылмаған кезде орын алады. Бұл – аналитикалық орталық, ол барлық жүйенің дұрыс жұмыс істеп жатқанын, мүмкін болатын сәтсіздіктер мен қауіптерді бақылауы тиіс. Сонымен қатар, инфрақұрылым талаптарына сәйкес келмеуі сияқты кейбір ережелердің сақталмауы да бар", – деді Коняшкин.

Ол әрбір мемлекеттік орган өзіне тиесілі ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жеке жауапкершілік атқаратынын атап өтті.

"Өткен жылы бұл жауапкершілік деңгейі бірінші басшыларға дейін көтерілді", – деп еске салды вице-министр.

Бұған дейін Жаслан Мәдиевтің мемлекеттік органдарды қазақстандықтардың деректерін қорғауды күшейтуге шақырғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз