Жаслан Мәдиев мемлекеттік органдарды қазақстандықтардың деректерін қорғауды күшейтуге шақырды

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2026 11:39 Фото: freepik
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 6 қаңтарда өткен Үкімет отырысында мемлекеттік органдарды ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік бар екені жөнінде ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол 2025 жылы елдің киберқауіпсіздігін күшейту бағытында бірқатар маңызды шаралар қабылданғанын еске салды.

"Алғашқы басшылардың жауапкершілігі енгізілді. Азаматтардың дербес деректерін қорғауға қойылатын талаптар күшейтілді. 1 миллионнан астам адам кибергигиена бойынша оқытумен қамтылды. Мемлекеттік органдарда тексерулердің тарихи тұрғыдан ең көп саны жүргізілді", – деді Жаслан Мәдиев.

Министрдің айтуынша, тексерулердің нәтижелері Үкіметке маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

"Мемлекеттік органдар мен ұйымдар заңнамада белгіленген ақпараттық қауіпсіздік талаптарын жиі бұзады. Осыған байланысты орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі мен азаматтардың дербес деректерінің сақталуын бақылауды күшейтуі қажет. Мемлекеттік органдарға еске салғым келеді – барлық талаптар заңмен нақты белгіленген. Сіздер өздеріңізге тиесілі ақпараттық жүйелерден дербес деректердің таралуына жеке жауапкершілік арқалайсыздар", – деп ескертті министр.

Бұған дейін 2025 жылы полиция алты мыңға жуық жоғалып кеткен баланы тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: