Алматыда есірткі тасымалдаған шетелдік ұсталды

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен бірнеше тұлғаны ұстады.

Жеке тінту барысында ұсталғандардың бірінен – шетел азаматынан ұнтақ тәрізді зат салынған бірнеше орам табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар тыйым салынған есірткі құралдары санатына жатады.

Сонымен қатар күдіктінің "жасырын қойма" тәсілі арқылы жүзеге асырылатын ықтимал курьерлік қызметке қатыстылығы тексерілуде. Медициналық куәландыру нәтижесінде күдіктінің психоактивті заттарды тұтынғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тәртібімен тіркеліп, істің барлық мән-жайы анықталуда.

"Біз есірткі таратудың жолдарын жүйелі түрде анықтап, курьерлік желілерге тартылған тұлғаларды әшкерелеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеміз. Мұндай жедел іс-шаралар үздіксіз өткізіледі және әрбір анықталған дерекке құқықтық баға беріледі. Алматы полициясы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және есірткі қылмысының алдын алу бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді", – деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Қазіргі уақытта тексеру және жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды