"2026 жылғы 10 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Алматы, Астана қалаларында қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Қала тұрғындарына сыртта, әсіресе тас жолдар мен басқа да ластану көздері маңында ұзақ болмауға кеңес беріледі. Сондай-ақ созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге ала жүру ұсынылады.
Бұған дейін синоптиктер 10 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райында байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.