Ақмола облысында мүгедектігі бар азаматтардан заңсыз ұсталған салықтар қайтарылды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2024–2025 жылдары заңдылықтың сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде облыс прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың жеке табыс салығын (әрі қарай – ЖТС) ұстау кезінде олардың құқықтары жүйелі түрде бұзылғанын анықтады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық азаматтардың теңдігіне және кемсітушілікке жол берілмейтініне кепілдік береді.

Осы қағидатты іске асыру мақсатында салық заңнамасында I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдар жылдық табысы айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда жеке табыс салығын төлеуден босатылатыны тікелей көзделген.

Алайда, заңның тікелей талаптарына қарамастан, жекелеген ұйымдарда мұндай қызметкерлердің жалақысынан салық негізсіз ұсталған.

Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде 344 мүгедектігі бар азаматтың құқықтары қалпына келтіріліп, оларға заңсыз ұсталған 12,8 млн теңгеден астам сома қайтарылды.

Облыс прокуратурасы әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтардың құқықтарын қорғау-қадағалау қызметінің негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтеді. Бұл бағыттағы заңбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмысы жалғасатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі