101 млрд теңге су шаруашылығына: Қазақстандағы су жабдықтауына жұмсалған қаражат қайда кетті

Фото: unsplash
2026 жылғы 13 қаңтарда Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов үкімет отырысында Қазақстандағы су жабдықтау инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 101 млрд теңгенің қалай бөлінгені туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің сөзінше, 2025 жылы су жабдықтау инфрақұрылымын жақсарту мақсатында министрлік республика бойынша 9 өңірде су объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 30 жобаны жүзеге асырған, жалпы сомасы – 101 млрд теңге.

"Арнайы мемлекеттік қордан бөлінген қаражат су объектілерін салу бойынша елеулі көлемде жұмыстар жүргізуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде белгіленген мақсаттық көрсеткіштерге қол жеткізіліп, тіпті асып түсілді. Жыл қорытындысы бойынша жоспарланған 9 жоба орнына 15 жоба аяқталды. Нәтижесінде 1 599 км су желілері салынды, 8 су объектісі бой көтерді, 277 елді мекенде сумен жабдықтау қамтамасыз етіліп, жақсарды. Олардың ішінде 73 елді мекен алғаш рет орталықтандырылған сумен қамтылды", – деді министр.

Нұржігітов атап өткендей, 2021–2023 жылдары топтық су желілерін салу және реконструкциялау бойынша аяқталған жобалар саны тек 6 болатын, ал соңғы 2 жылдың ішінде 22 жоба жүзеге асырылып, 326 елді мекенде сумен жабдықтау жақсарып, жалпы саны 722 мың адам қамтылған.

Айта кетейік, 2025 жылғы 9 қаңтарда Қазақстанда екі өңірге арналған "су қалқаны" құрылатыны белгілі болған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі