Ауылдағы жас дәрігерлерге уәде етілген төлемдер төленбей отыр – депутат

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрым 2026 жылғы 14 қаңтарда жолдаған депутаттық сауалында ауылдық жерлерде дәрігерлер тапшылығы әлі де шешілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Депутат бұған дейін бұл мәселені шешу үшін ауылдық жерлерге жұмысқа жіберілетін жас медицина қызметкерлеріне берілетін көтерме жәрдемақы мөлшері 100 ең төменгі жалақыға (ЕТЖ) дейін ұлғайтылғанын еске салды.

"Алайда бұл бастаманың іс жүзінде жүзеге асуы, ашығын айтқанда, тежеліп отыр. Денсаулық сақтау саласындағы кадрлық жағдай әлі де күрделі күйінде қалып отыр. Ресми деректерге сүйенсек, еліміздегі әрбір бесінші медицина қызметкері зейнеталды жаста. Ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш одан да жоғары. Біз мемлекеттік маңызы бар міндеттерді шешудегі айқын енжарлықтың салдарынан туындаған кадрлық күйреу табалдырығында тұрмыз", – деді Гүлдара Нұрым.

Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы дәрігер тапшылығы ең өткір сезілетін өңірлердің қатарына кіріп отыр. Бұл өңірде 10 мың тұрғынға бар-жоғы 32,7 дәрігерден ғана келеді.

Сонымен қатар, СҚО мен Ақмола облыстарында көтерме төлемдер мүлде жүзеге асырылмаған, ал Абай облысында мұндай төлемдерді тағайындау туралы шешімнің өзі қабылданбаған.

Депутаттың сөзінше, қажетті тетіктер заңнамада көрсетілген, қаржы бөлінуі тиіс, алайда жергілікті атқарушы органдардың салғырттығы салдарынан жас мамандар уәде етілген қолдаусыз қалып отыр.

"Бұл жағдайда Үкімет тек "жалпылай баға берумен" шектелмей, нақты нәтижелерді қамтамасыз етуі тиіс деп санаймыз. Реформаның мәні түсінікті: біз не жас дәрігерлерді ауылда бекітеміз, не жергілікті деңгейдегі бюрократиялық қарсылықтың мемлекеттік шешімдердің құнын түсіріп, өңірлердің болашағына қарсы жұмыс істеуіне жол береміз", – деді депутат.

Осыған байланысты Гүлдара Нұрым премьер-министр Олжас Бектеновтен келесі мәліметтерді ұсынуды сұрады:

Бұған дейін Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қымбаттауы мүмкін екенін жазғанбыз.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді