Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қымбаттауы мүмкін

Цены на продукты, цены, цена на продукты, цена, подорожание, повышение цен, подорожание продуктов, повышение цен на продукты, стоимость, стоимость продуктов, увеличение стоимости, увеличение стоимости на продукты, рост цен, рост цен на продукты, увеличение цен, увеличение цен на продукты, инфляция , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2026 16:04 Фото: Zakon.kz
Сауда және интеграция вице-министрі Айжан Бижанова депутат сұрағына берген жауабында бизнеске әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМБТ) үстеме бағаны арттыру мүмкіндігі берілетінін хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта министрлік бизнес ұсыныстарын ескере отырып, ӘМБТ бойынша сауда үстемесін қалыптастыру тәсілін қайта қарау мәселесін талқылауда.

"Шығындарды ескере отырып, үстемені арттыру мүмкіндігін қарастыратын түзетулер әзірленуде. Бұл түзетулерді 2026 жылы қабылдау жоспарлануда", – делінген жауапта.

Бижанова еске салғандай, Қазақстан Республикасының "Кәсіпкерлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, министрлік сауда субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну құзыретіне ие.

"Осы заңды іске асыру аясында ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шараларын көрсету ережелері қабылданды. Онда сауда субъектілеріне қолдау көрсету тетігі мен критерийлері белгіленген. Бағдарламаға Астана, Алматы, Шымкент қалалары және сауда-ойын-сауық орталықтары қатыспайды. Бұл шаралар екінші деңгейлі банктер (БДБ) арқылы берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кепілдендіруді қарастырады", – деді бірінші вице-министр.

Мемлекеттік қолдауды алу үшін кәсіпкерге БДБ-ге кредит алу үшін, сондай-ақ "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-на жүгіну қажет.

Бұған дейін министрлік ӘМБТ тізімін кеңейтудің қажеттілігін түсіндірген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: