Қазақстанда үй маңындағы дүкендер баға бақылауынан босатылмайды

Қазақстанда үй маңындағы дүкендер баға бақылауынан босатылмайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2026 14:16 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Сауда және интеграция вице-министрі Айжан Бижанова депутаттық сауалға берген жауабында, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін кеңейтуге қатысты маңызды мәліметті түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

2026 жылдың қаңтар айынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізбесі 31 позицияға дейін кеңейтілді.

"Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың сатып алу қабілетін қорғау үшін ӘМАТ маңызды болып табылады. Сондықтан осы саладағы мемлекеттік реттеу жүйелі сипатқа ие және тек 3 сауда субъектілерінің жекелеген санаттарына таңдамалы түрде қолданыла алмайды. "Үй жаны" дүкендерін бағаны бақылаудан босату, сондай-ақ ӘМАТтың кеңейтілген тізбесін тек ірі сауда желілерімен шектеу туралы ұсынысты іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Мұндай шаралар бәсекелестіктің тең жағдайлары қағидаттарын бұзып, базалық азық-түлік бағасының өсу тәуекелдерін туғызар еді",- делінген жауапта.

Бижанованың айтуынша, шекті сауда үстемелерінің сақталуын бақылау нарықтың барлық қатысушыларына, ерекшеліксіз қолданылуы тиіс, өйткені ӘМАТ-бұл бірінші кезектегі тауарлар және олардың бағалық қолжетімділігі мемлекеттік саясаттың басымдығы болып табылады.

"Үй жаны" дүкендерінің ӘКК арқылы ӘМАТ-ты сатып алуға қолжетімділігіне келетін болсақ, бүгінде Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидалары шеңберінде ӘМАТ-қа бағаны тұрақтандырудың тұрақтандыру, кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру қызметтері сияқты 2 тетігі көзделген",- деп мәлімдеді вице-министр.

Бұған дейін қазақстандықтарға ХҚКО өтініштерін нақты уақыт режимінде бақылау мүмкіндігі берілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: