Фермерлер Үкіметтің мақсатын түсінбей отыр: депутат агроөнім экспортын шектеуді сынға алды

Фото: Zakon.kz
Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев 2026 жылғы 14 қаңтарда жолдаған депутаттық сауалында ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортына қойылған шектеулердің қажеттілігін түсіндіруді талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазір ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде сәбізді экспорттауға жаңа шектеу енгізу туралы ұсыныс фермерлер мен кәсіпкерлер арасында наразылық тудауда. Бизнес өкілдері Үкімет бұл шара арқылы нақты қандай стратегиялық мақсатты көздейтінін түсіне алмай отыр.

"Тәжірибе көрсеткендей, экспортқа тыйым салу бағаның төмендеуіне әкелмейді, керісінше өсім жалғаса береді. Бұл жерде негізгі ауыртпалық өндірушілерге түседі. Ал делдалдар мен логистикалық тізбектің басқа қатысушылары бұл шектеуден зардап шекпейді. Себебі тауардың бағасы дүкен сөресіне жеткенше бірнеше есеге қымбаттайтыны белгілі. Сарапшылар бағаны тек экспортты шектеу арқылы тұрақтандыруды тиімсіз деп есептейді. Бизнес қауымдастығы да өз ұстанымын ашық білдіруде. Егер мемлекет ішкі нарыққа қажетті өнім көлемін нақты айқындаса, фермерлер оны қамтамасыз етуге дайын",- деді ол.

Қазақстан Картоп және көкөніс өсірушілер одағының мәліметінше, қоймалар толы, сәбіз бен картоп тапшылығы жоқ. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған өнім тапшылығы жөніндегі деректердің объективтілігіне күмән туындайды. Бұл мемлекет пен өндірушілер арасында жүйелі диалогтың жоқ екенін көрсетеді.

"Мәселен, Павлодар облысында ғана фермерлердің қолында 120 мың тоннадан астам сәбіз қоры бар. Қазіргі жағдайда оны келісі 80 теңгеден сатудың өзі қиын. Себебі сұраныс төмен. Ал сәбіз – ұзақ сақталмайтын өнім. Сондықтан экспортқа уақытша шектеу қолда бар өнімді өткізу мүмкіндігін одан әрі тарылтады. Ойластырылмаған әкімшілік шешімдер отандық фермерлердің шетелдік нарықтардағы орнын әлсіретіп, оларды бәсекелестерге оңай беріп қоюға әкеледі. Фермерлер жылдар бойы қалыптастырған логистикасы мен серіктестік байланысы бір ғана шешімнің салдарынан үзілуі мүмкін. Бұған дейін де картоп, ет және пияз экспортына осындай шектеулер енгізілгенімен, олардан нақты қорытынды жасалған жоқ. Қысқамерзімді әкімшілік тәсілдер әлі де басым болып отыр". Темір Қырықбаев

Депутаттың айтуынша, мұндай саясат ұзақ мерзімде фермерлердің өндірісті дамытуға деген ынтасын төмендетіп, елдің шетелдік өнімге тәуелді болу қаупін арттырады.

Осыған байланысты мәжілісмен Үкіметтен төмендегі мәселелерге жауап беруді сұрады:

Бұған дейін Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қымбаттауы мүмкін екенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады