Қазақстандықтарға ХҚКО өтініштерін нақты уақыт режимінде бақылау мүмкіндігі берілді

Фото: gov4c.kz
Қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) тапсырған өтініштерінің мәртебесін онлайн және нақты уақыт режимінде қадағалай алады. Бұл туралы Zakon.kz "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

2026 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан тұрғыны ХҚКО-ға өтініш бергеннен кейін оны жеке барып тексермей, өтініштің қай кезеңде тұрғанын қалай білуге болатынын сұрады.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері атап өткендей, өтініштің мәртебесін "ХҚКО" мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады.

"Бұны істеу үшін "ХҚКО қызметтері" немесе "Арнайы ХҚКО қызметтері" бөлімдеріне кіріп, өтініш нөмірін көрсету жеткілікті. Жүйе сіздің өтінішіңіздің қай кезеңде тұрғанын және нәтижені қашан күтуге болатынын көрсетеді", – делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, мерзімі өткен құжат өтініш беруге жарамсыз болып саналады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз