Павлодар облысында полицейлер республикалық маңызы бар автожолдарды тексеруде

Сурет: ҚР ІІМ
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол-техникалық инспекциясының қызметкерлері республикалық маңызы бар автомобиль жолына тексеру жүргізді.

Кезекті іс-шара Омбы — Майқапшағай автожолының Абай облысы бағыты бойынша учаскесінде өткізілді.

Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның атына анықталған кемшіліктерді жою және жол учаскесін белгіленген талаптарға сәйкестендіру жөнінде нұсқама жолданды, — деп хабарлады Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бакибай Ахмедьянов.

Айта кету керек, автомобиль жолдарын тексеру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі және республикалық, облыстық әрі аудандық маңызы бар жолдарды қамтиды.

Аталған іс-шаралар жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз жағдай жасауға және әсіресе қысқы кезеңде жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендетуге бағытталған.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді