Кінәлілер жауапқа тартылады: Бектенов медициналық сақтандыру қорындағы заңбұзушылықтар туралы айтты

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 21 қаңтарда Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіндегі ашықтықты арттыру жөніндегі жоспарлар туралы мәлімдеді.

Үкімет басшысы мемлекет басшысының қорды Қаржы министрлігінің қарамағына беру туралы үкімет шешімін қолдағанын атап өтті.

"Тиісті тексерулер басталып кетті. Кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылады", – деді Олжас Бектенов бұған дейін анықталған заңбұзушылықтарға қатысты.

Сондай-ақ премьер-министр қордың ақпараттық жүйесі 2026 жылғы 1 шілдеге дейін Қаржы министрлігінің жүйесіне біріктірілуі тиіс екенін айтты. Оның айтуынша, бұл қаражаттың ашық әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

2026 жылғы 16 қаңтарда Үкімет медициналық ұйымдарды қаржыландыру барысында көптеген заңбұзушылықтарды анықтағаны хабарланған болатын. Осыған байланысты Премьер-министр Олжас Бектенов Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігіне беру жөнінде тапсырма берген еді.

Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі