Алматылық фотограф құстардың сәтті сурет топтамасын ұсынды

Сурет: Instagram/dots_foto
Белгілі фотограф Дмитрий Доценко Алматыдағы құстардың қысқы фотосын үлкен топтамаға жинап, жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-да ол қысқы маусымның екінші жартысы құстарды бақылауға ең қолайлы кезең екенін жазды. Себебі "қар көп түседі, ал аяз қатайып, құстарға азық табу қиынға соғады. Сол себепті олар тау етегінен қалаға, бақтар мен саябақтарға қарай түседі".

"Азық іздеп жүргенде құстар сақтықты азайтып, бізге жақын келеді. Біз көбіне оларды байқамай қаламыз да, тек көгершіндер мен қараторғайларды көретін тәріздіміз. Шын мәнінде олардың саны әлдеқайда көп. Мен саябақтарда серуендеп, сіздер үшін үлкен қысқы фототоптама жинадым. Әр құстың жанында атауы мен қызықты фактісі жазылған. Топтаманы сақтап қойыңыздар – таныс емес құсты кездестіргенде, оны осы арқылы жедел анықтай аласыз", – деп жазды Доценко.

Фотографтың айтуынша, жаңғақ бұталарында Сібірдің Тайга ормандарынан азық іздеп Алматыға ұшып келетін самырқұстарды көруге болады.

"Бетеге мен қайың ағаштарында кейде бірден бірнеше құс көріп қаламын: шырша құстары, сары шымшық, шұбар шымшық. Президент саябағында алдымен қарғаны байқадым. Одан сәл өткенде биік бұтақтардың бірінен қыран құсты көзім шалды. Жақындап қарасам кәдімгі күйкентай екен. Көп ұзамай үкіні де көріп қалдым. Оны кездестіру мүмкін емес-ті. Киелі құсты көргеніме шын қуандым",- деді фотограф.

Сонымен қатар, фотограф оқырмандарынан қандай құсты көріп тұратындарын сұрады.

Бұған дейін Қарағанды облысында маралдарды жабайы табиғатқа жіберген сәттің бейнетаспасын ұсынған болатынбыз.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды