Қарағанды облысында маралдарды жабайы табиғатқа жіберді

Қарағанды облысында маралдарды жабайы табиғатқа жіберді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2026 10:37 Сурет: бейнежазба скриншоты
ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі 2026 жылғы 22 қаңтарда комитеті бірнеше маралды табиғи ортаға жіберді. Комитет оқиға сәтінен түсірілген бейнежазбаны желідегі ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство 2022-2032 жылдар аралығында Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жартылай еркіндікте ұсталатын маралдарды қайта жерсіндіруді жүзеге асырылуда екенін атап өтті.

"Жылдық жоспарға сәйкес жартылай еркіндікте бағып-күтілген маралдарды табиғи ортаға бейімдеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Осы жоспар аясында жартылай еркіндікте жүрген 4 бас марал толықтай еркіндікке, яғни дала жағдайына жіберілді",- делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, маралдар Кент орманшылығының 103-орам, 4-теліміне шығарылып, олардың табиғи ортаға бейімделуі бақылауға алынды. Аталған іс-шара жабайы жануарлар санын сақтау мен олардың табиғи мекенін қалпына келтіру мақсатында жүргізілді.

Бұған дейін Жетісу облысында қамыс арасында қалып қойған аққу құтқарылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: