Экология министрлігі елімізде қанша қар барысы бар екенін айтты

Қар барысы, Қазақстан, статистика, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2023 19:43 Сурет: pixabay
ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қар барыстары популяциясының рекордтық деңгейге дейін төмендегені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 желтоқсанда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі Energyprom.kz мониторингтік агенттігі ұсынған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Зоология институтының санағына сәйкес, Қазақстандағы қар барыстарының саны, бүгінгі күні, 180 дарақтан асқан", делінген хабарламада.

Айта кетейік, БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қар барысын сақтау жөніндегі ауқымды бастамасы бойынша 10 қар барысына спутниктік таратқыштар орнатылған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: