Қазақстандағы Италия елшілігі виза беруді уақытша тоқтатты

Сурет: freepik
Қазақстандағы Италия елшілігі 2026 жылғы 23 қаңтарда визалық қызметтерді уақытша тоқтатылуына байланысты маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, жоспардан тыс техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты визалық өтініштерді өңдеу жүйесі 2026 жылғы 12–18 ақпан аралығында қолжетімсіз болады.

Осыған байланысты Қазақстанда тұратын өтініш берушілер үшін құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімдері төмендегідей:

"Визалық өтініштерді қабылдау және өңдеу жұмыстары 2026 жылғы 18 ақпаннан бастап қалыпты режимде қайта жалғасады. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және өтініштеріңізді алдын ала жоспарлауды ұсынамыз". Қазақстандағы Италия елшілігінің баспасөз қызметі

Өзекті ақпарат алу үшін Қазақстандағы Италия елшілігінің ресми сайтына өту немесе тиісті VFS Global орталығына хабарласу ұсынылады.

Бұған дейін қазақстандықтарға АҚШ елшілігі жасаған ерекше ұсыныс туралы жазғанбыз.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды