ӘМСҚ басшылығы жаңадан құрылды: қордағы негізгі қызметтерге кімдер келді

Сурет: "ӘМСҚ" КЕАҚ баспасөз қызметі
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-да жаңа кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 30 қаңтарда қордың сайтынан белгілі болды.

"Бақытжан Абдуллаев ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды",- делінген ақпаратта.

Сурет: "ӘМСҚ" КЕАҚ баспасөз қызметі

Ол медицина саласында ұзақ жыл еңбек еткен. Астанадағы №1 қалалық ауруханада санитар, акушер қызметінен бастап, трансфузиолог, хирург дәрігері, бөлім басшысы болған. Аталған ауруханада бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылдан қазірге дейін Шымкент қаласында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болды.

"Сондай-ақ, Индира Ерденова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды",- делінген ресми ақпаратта.

Сурет: "ӘМСҚ" КЕАҚ баспасөз қызметі

Ол Қаржы министрлігінің жүйесінде бірқатар жыл жұмыс істеген. Атап айтсақ, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетте, сондай-ақ, Қазынашылық комитетінде бас сарапшыдан бастап Ішкі сатып алулар және активтер департаментінде басшылық қызмет атқарған.

Бүгінге дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің Цифрландыру департаментінің директоры болды.

Бұған дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігінің құзыретіне берілгенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді