Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешенін бұзу басталды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері "Мәдениет" шағынауданы, 185/8 мекенжайында орналасқан "Достар Делюкс" аз қабатты тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстары басталғанын айтты.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында нысанның құжаттары толық емес екені анықталған. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, жер учаскесін бастапқы қалпына келтіру туралы нұсқама берілген.

2024 жылы 5 тамызда басқарма нұсқаманы мәжбүрлеп орындату туралы талап арызды Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолдады.

Сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды. 2025 жылы 27 наурызда Алматы қалалық соты бірінші сатылы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Осыдан кейін материалдар орындау үшін қалалық Әділет департаментіне жолданды.

Сот шешімін орындау аясында меншік иесі нысанды бұзып, аумақты қайтадан көмді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды