Бастауыш және орта білім беру шығындары аудандық әкімдіктерге жүктеледі

Фото: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттық сауалға берген жауабында мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беруді қаржыландыру тетігінде жоспарланып отырған өзгерістер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Атап айтқанда, ол енді бұл саладағы қаржыландыру аудандық әкімдіктердің құзыретіне берілетінін растады.

"Қаржыландыруды аудандық деңгейге көшіру басқару жүйесін оңтайландыруға, шешім қабылдау үдерісін жеделдетуге және мектептердің материалдық-техникалық, қаржылық-шаруашылық қажеттіліктеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде облыстық білім басқармаларына түсетін жүктемені азайтып, жалпы білім беру жүйесін басқарудың сапасы мен тиімділігін арттырады. Осыған байланысты, сондай-ақ аудан әкімдерін нақты өкілеттіктермен және қаржылық дербестікпен қамтамасыз етудің маңыздылығын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге арналған бюджеттік шығыстарды облыстық деңгейден аудандық бюджет деңгейіне беру жөніндегі ұсыныс қолдау тапты", – делінген министрдің жауабында:

Оның айтуынша, 2025 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін басқарудың жаңа моделіне арналған пилоттық жобаның нәтижелері Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінде таныстырылған.

Жобаны талдау облыстық деңгейдегі орталықтандырылған қаржыландырудың бірқатар күрделі мәселелерге әкелетінін көрсетті. Атап айтқанда, әкімшілік жүктеменің артуы, қаржылық рәсімдердің күрделенуі, төтенше жағдайларға баяу әрекет ету және соның салдарынан білім беру саласын басқару тиімділігінің төмендеуі мен білікті кадрлардың кетуі байқалған.

Бұған дейін Олжас Бектеновтің жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқандарды жауапкершілікке тартуды тапсырғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Жұманғарин Серік

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін