Ұлытау облысында конституциялық реформа мәселелері талқыланды

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
2026 жылдың 2 ақпанында өңір басшысы Дастан Рыспековтің төрағалығымен облыстық актив отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаның негізгі бағыттары талқыланды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген жаңа Конституция жобасы, оның ашық әрі жария түрде талқыланғаны айтылды.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Конституциялық реформа Әділетті Қазақстан қағидаттарына негізделіп, заң мен тәртіп, адал азамат және таза қоғам құндылықтарын нығайтуға бағытталған.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңа жобада бір палаталы Парламент – Құрылтай моделі ұсынылып, қоғамдық диалогты күшейтетін жаңа институттарды енгізу көзделген.

Сондай-ақ Конституцияға өзгерістер тек референдум арқылы енгізілетіні белгіленді.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Отырыста конституциялық реформаны халық арасында кеңінен түсіндірудің маңыздылығы атап өтілді.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасарларына, қала және аудан әкімдеріне түсіндіру жұмыстарын күшейту, ақпараттық кеңістікте жалған ақпараттың алдын алу және бұқаралық ақпарат құралдарымен жүйелі жұмыс жүргізу тапсырылды.

Қазақстан
Ұлытау облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді