Алматыда 39 жастағы әйел үшем дүниеге әкеліп, бірден көпбалалы ана атанды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қалалық перинаталдық орталығында үшем сәби өмірге келді. 39 жастағы алматылық әйел бірден алты баланың анасы атанды: бұған дейін отбасында үш бала болған, енді міне келіншек төртінші рет босанып отыр.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жүктілік табиғи жолмен, қосалқы репродуктивті технология қолданылмай-ақ жүзеге асқан. Мұндай жағдай акушерлік тәжірибеде сирек кездеседі.

Босану жүктіліктің 32 апта 2 күнінде шұғыл түрде кесар тілігі арқылы өтті. Түнгі сағат үш шамасында акушер-гинекологтар, анестезиологтар және неонатологтардан құралған көпсалалы медициналық команда жедел түрде жұмылдырылды.

Салмағы 1840 грамм, бойы 42 см ұл бала; салмағы 1680 грамм, бойы 43 см тағы бір ұл бала; салмағы 1620 грамм, бойы 40 см қыз бала дүниеге келді. Ұл балаларға Заңғар мен Айбар, қыз балаға Әсел деген есім қойылды.

Орталық директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Салтанат Ербулатованың айтуынша, медициналық ұжымның үйлесімді әрі кәсіби жұмысының арқасында босану асқынусыз өтті. Шала туған сәбилер өмірінің алғашқы минутынан бастап қарқынды бақылауға алынып, арнайы ем қабылдады және аппарат арқылы тыныс алуға қолдау көрсетілді.

Үшемге жеке күтім бекеті бөлініп, сәбилер тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында. Қазіргі таңда балалар салмақ қосып келеді, жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр, алдағы уақытта ауруханадан шығаруға дайындалуда.

Өткен жылы орталықта 22,5 мыңнан астам науқас қабылданып, 16,7 мыңнан аса ана мен жаңа туған нәрестеге стационарлық көмек көрсетілді. Жалпы, 9014 босану тіркелді, оның ішінде екі рет үшем дүниеге келген. Қаладағы мерзімінен бұрын босану жағдайында медициналық көмектің басым бөлігі дәл осы орталықта көрсетіледі.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Негізгі заңға жасалатын өзгерістер жаңа Конституция қабылдауды қажет етеді

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өрт кезінде жоғалып кетті

Қазақстанның 12 қаласында ауа ластанады

Алматы тұрғыны жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

Жаңаөзенде ер адам өзінің әйелін өлтірді деген күдікке ілінді - марқұмның артында жеті баласы қалды