"Asar Baspana" қаржылық пирамидасы: тергеп-тексеру аяқталды, іс сотқа жолданды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті көп деңгейлі "Asar Baspana" қаржы пирамидасы қызметінің фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады.

Пирамида 2023 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық аумағында тұтыну кооперативі ретінде әрекет еткен.

Қаржылық пирамида қызметіне 90 мыңнан астам азамат тартылған және олар 25 млрд теңгеден астам қаржы салған.

Бұл ретте ақша қаражаты көптеген жағдайларда жеке кәсіпкерлердің бақылаудағы шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұйымдастырушылар жеке мақсаттарына пайдаланған, ал қаражатты есепке алуды, қылмыс іздерін жасыру мақсатында әдейі жүргізбеген.

Қылмыстық іс сотқа жолданды. Қала прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға, жылдам және кепілдендірілген табыс табу уәделеріне сенбеуге шақырады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз