Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жыл кіруге тыйым салынды

Сурет: Vk/nurlan.saburov
34 жастағы қазақстандық әзілкеш әрі жүргізуші Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жыл кіруге тыйым салынды. Әртүрлі дереккөздердің мәліметінше, бұл шектеулер миграциялық және салық заңнамасын бұзғаны үшін енгізілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тарағанымен, ресми растау әлі жоқ.

Mash басылымының хабарлауынша, қазір Сабуров әуежайда тұр және билет алу үшін қаражат жетпей, ұшып кете алмай отыр.

Журналисттер атап өткендей, 2025 жылы Сабуров миграциялық ережені бұзған, яғни елде рұқсат етілген уақыттан артық тұрған. Сол кезде ол айыппұл төлеп, екі апта ішінде елден шығып, заңға сәйкес қайта кіруі керек болған.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің хабарлауынша, бұл шешім елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңдылықты сақтау және ұлттық рухани-моральдық құндылықтарды қорғау мақсатында қабылданған.

Нұрлан Сабуров 1991 жылғы 22 желтоқсанда Степногорскіде дүниеге келген. Мектепті бітірген соң Қазақстаннан Екатеринбургке көшіп, оқуын жалғастырып, әзіл өнерімен айналыса бастады. 2014 жылы отбасымен бірге Мәскеуге көшіп, онда танымал болып, әзілдік бағдарламалар мен видеожобаларды жүргізген.

2025 жылдың соңында Сабуров үшінші баланың тууы туралы қауесетке пікір білдірген.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды

Депутат "Болашақ" бағдарламасын тексеруді ұсынды

Мемлекет басшысы құқықбұзушылықтың алдын алу және самокаттарды тіркеу туралы заңдарға қол қойды