30 мыңнан 130 мың теңгеге дейін: Ақтау тұрғындары коммуналдық төлемдердің күрт өскеніне шағымдануда

Фото: Zakon.kz
Ақтау қаласының тұрғындары коммуналдық қызметтерге арналған түбіртектердегі сомалардың күрт артқанын айтып, шағымдануда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғындарының айтуынша, осы айда оларға бұрынғыдай 15–30 мың теңге емес, 50, 70 мың, тіпті 130 мың теңгеге дейінгі шоттар келген.

Lada.kz басылымының жазуынша, тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсетушілер есептеулердің қалай жүргізілетінін түсіндірмеген көрінеді. Яғни төлемдер есептегіш құралдарының көрсеткіштері бойынша ма, тұрғын үйдің аумағына байланысты ма, әлде онда тұратын адамдар санына қарай ма – бұл жағы беймәлім.

Тағы бір өзекті мәселе – есептеудің ашық еместігі және қайта есептеудің қиындығы. Тұрғындардың сөзінше, қайта есептеу жүргізу туралы уәде берілген, алайда іс жүзінде орындалмаған. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда түбіртектер бірнеше ай бойы мүлде келмей, кейін бірден үлкен сома есептеліп жіберіледі. Бұл шағымға да көбіне "шотты төлеңіз" сынды формалды жауап беріледі екен.

Бұл ретте, Ақтау қаласының белсендісі, қоғам қайраткері Лариса Перминованың айтуынша, түбіртектердегі өсім қосылған құн салығының (ҚҚС) артуымен байланысты. Бұрын ҚҚС 12% болса, 1 қаңтардан бастап 16%-ға көтерілген, бұл түпкілікті төлем сомасына әсер еткен.

"Өсім бар, бірақ ол аса үлкен емес. Көлемді тұтыну кезінде ғана байқалады. Мысалы, 100 киловатт-сағат үшін шамамен 83 теңгеге, ал 1000 киловатт-сағат үшін 830 теңгеге артық", – деп түсіндірді Лариса Перминова.

Мәселеге байланысты "МАЭК" ЖШС-ге ресми сұрау жолданды. Алайда, компания өкілдері түсініктемені кейінірек беретінін мәлімдеді.

Бұған дейін Қонаевтағы дауыл туралы жазған болатынбыз.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз