Алматыда тау бөктерінде заңсыз салынған үш қабатты нысан бұзылып жатыр

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ерменсай шағынауданындағы Таужиегі көшесі, 35-учаскеде орналасқан үй бұзылып жатыр. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты.

Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның жобалық құжаттама мен сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес келмейтіні анықталды.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілді.

Осыдан кейін басқарма нысанды пайдалануға беру туралы актінің күшін жою және құрылысты бұзу жөнінде талап арызбен Алматы қаласының Бостандық аудандық сотына жүгінді. 2025 жылы 20 тамызда сот талап арызды қанағаттандырды.

2025 жылы 28 қазанда Алматы қалалық соты бірінші сатылы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Қазір қалалық Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысан бұзыла басталды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты