Алматыда экологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын оператор анықталды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының атмосфералық ауаны қорғау қағидаларына сәйкес арнайы экологиялық талаптардың орындалуын "Eco Almaty" ЖШС бақылайды.

Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты.

"Eco Almaty" ЖШС — 100% мемлекеттік қатысуы бар ұйым. Ол экологиялық нормалардың бұзылуын анықтау барысында уәкілетті мемлекеттік органдарға – Экология департаментіне, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және Полиция департаментіне жәрдем көрсетеді.

Бақылау келесі бағыттарды қамтиды: жеке және қоғамдық көлікті, коммерциялық қызмет көліктерін және коммуналдық техниканы қоса алғанда, жылжымалы шығарындылар көздері; стационарлық шығарындылар көздері; қалдықтарды полигондарда жағу, өздігінен тұтану, пиротехникалық бұйымдарды қолдану сияқты ұйымдастырылмаған стационарлық шығарындылар.

Бұзушылықтарды анықтау үшін стационарлық және жылжымалы экологиялық бекеттер пайдаланылады. Қалада барлығы 19 стационарлық және 4 жылжымалы бекет жұмыс істейді.

Сонымен қатар көлік құралдарының шығарындыларындағы ластаушы заттардың шоғырлануын өлшейтін спектрометрлер, ал стационарлық шығарындылар көздерін бақылауға ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуы мүмкін.

Басқарма мәліметінше, мұндай тәсіл қаладағы ауа сапасын тиімді бақылауға және экологиялық талаптардың бұзылуына жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Алматының Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, мұндай тәсіл қаладағы ауа сапасын тиімді бақылауға және экологиялық талаптардың бұзылған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Белгілі дәрігер ӘМСҚ есебінен 53 млн теңге жымқырғаны үшін қандай жаза алды

Тоқаев пен Хун Манет Бірлескен мәлімдеме қабылдады

Жексенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Пәкістандағы қайғылы оқиға: Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев пен Хун Манет кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді