"Күн күрт жылынады": Алматы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz
Алдағы демалыс күндері мегаполисте жауын-шашын болып, тұманға байланысты айналаның көріну деңгейі нашар болады деп күтіледі. Синоптиктер Zakon.kz сайтына алдағы жеті күнге арналған ауа райының алдын-ала болжамын ұсынды.

Жетекші синоптик-инженер Баян Қанаеваның айтуынша, апта бойы қаладағы ауа негізінен ылғалды болады, сондықтан, көбінесе түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.

"Алматыда 14 ақпанда таңертең және түстен кейін, 15 ақпанда түнде жаңбырмен аралас қар түрінде жауын-шашын болып, тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады. Сондай-ақ, көктайғақ болады деп күтіледі. 16 ақпанда қалада ауа райы жауын-шашынсыз болады. 17 ақпанда түстен кейін жаңбыр жауады, ал 18-20 ақпан аралығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, жолдарда көктайғақ пайда болады", - деп атап өтті гидрометеорологиялық орталықтың өкілі.

Ал ауа температурасы түнде -2...-4°С-ден +3...+5°С-ге дейін, күндіз +2...+4°С-ден 13-15°С-ге дейін біртіндеп көтеріледі, деп нақтылайды маман.

2026 жылғы 15-20 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамы

Бұған дейін Шымкентте қалың қар жауып, дендросаябақ жабық тұрғаны, ағаштар құлап, жарық сөніп қалғанын жазғанбыз

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Агроөнеркәсіптен бастап ЖИ-ге дейін: Қазақстан мен Қытай 15 миллиард долларлық қандай келісімдерге келді

Жібек Құламбаева Яссыдағы WTA 250 турнирінің финалына шықты

Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру: жаңа ережелер

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қазақстанда бидай импортына шектеу енгізіледі