Қарағанды облысында қарсы жолаққа шыққан жүргізуші анықталды

Фото: pexels
17 ақпан күні таңғы сағат 08:00 шамасында республикалық маңызы бар автожол бойында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу дерегі тіркелді.

Chevrolet Monza автокөлігін басқарған 40 жастағы жүргізуші Атамекен кенті жағынан Қарағанды қаласына қарай бағыт алып келе жатып, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына заңсыз шыққан.

Аталған құқық бұзушылықты патрульдік полиция батальонының қызметкерлері анықтады.

Қарағанды облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұхановтың мәліметінше, жүргізуші куәлігі тәркіленіп, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Полиция қарсы жолаққа шығу – жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу екенін және мұндай әрекет жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін атап өтеді.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу – басты міндет. Заң талаптарын елемеген әрбір дерекке қатаң түрде шара қолданылады.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды