Алматыда Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласында Республика Сарайының сахнасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойына арналған "Ұлытаудан – Алатауға" атты концерттік кеш өтті.

Іс-шара барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, Мемлекет басшысының Жарлығымен Жүрсін Ерманға "Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атағы берілгенін хабарлады.

"Халқымыз Сізді беделді қоғам қайраткері әрі талантты публицист ретінде жақсы біледі және құрметтейді. Айтыс өнерін жаңғыртуға қосқан үлесіңіз айрықша. Ел бірлігі мен халықтар достығын арқау еткен шығармаларыңыз оқырманға жақын әрі түсінікті. Сізге зор денсаулық пен шығармашылық табыс тілеймін", – делінген Президент құттықтауында.

Мерекелік кешке ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, мәдениет өкілдері және өнерсүйер қауым қатысты.

Бағдарлама аясында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетіліп, жырлары оқылды, сахналық қойылымдар ұсынылды. Шәкірттері мен ізбасарлары ұстазына өлең арнап, құрмет көрсетті.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды