Қазақстандағы оқу орындарында қызылшаға байланысты карантин қалай енгізіледі

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 20 ақпанда өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Сархат Бейсенова мектептер мен балабақшаларда қызылша анықталған жағдайда қандай шектеу шаралары қабылданатынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер қызылша өршуіне байланысты білім беру ұйымдарында карантин енгізіле ме деген сұрақ қойды.

"Ұйымдасқан ұжымдарда қызылша дерегі тіркелген әрбір жағдайда өңірлерде міндетті түрде эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп, шектеу шаралары қабылданады. Соңғы тіркелген жағдайдан бастап 21 күн бойы медициналық бақылау ұйымдастырылады, яғни байланыста болған адамдар қадағаланады. Осы кезеңде бұрын балабақша мен мектепке бармаған балаларды қабылдауға рұқсат етілмейді", – деді Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша, егілмеген балалар уақытша шеттетіледі. Бұл олардың ауру жұқтыруының алдын алу үшін жасалады.

"Ұйымдасқан ұжымдардағы вакцинациямен қамту деңгейі тексеріледі. Егер екпесі жоқ немесе вакцина алғаны туралы дерегі жоқ балалар мен 30 жасқа дейінгі ересектер болса, соңғы байланыстан кейін 72 сағат, яғни үш күн ішінде медициналық ұйымдар оларды вакцинациялайды. Сондай-ақ бұл ұжымдарда жаппай іс-шаралар өткізуге де шектеу қойылады", – деп толықтырды комитет төрайымы.

Бұған дейін Қазақстанда қызылшаға байланысты шұғыл шаралар енгізілгенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды