Алматыда көші-қон заңнамсының талаптарын бұзған азаматтар елден шығарылды

Сурет: ҚР ІІМ
Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын сақтау аясында Алматы қаласында тәртіпті бұзған деп танылған 40 Өзбекстан Республикасының азаматы ел аумағынан шығарылады.

Оларды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен шекарасына дейін арнайы рейстік автобустар арқылы барлық қауіпсіздік талаптарын сақтауымен тасымалдау ұйымдастырылды.

"Біз қаламызда шетел азаматтарының көші-қон заңнаманы сақтауын және заңды тұрғылықты болуын қадағалаймыз. Анықталған тұлғалар көші-қон тәртібі ережелерін бұзғандықтан, заңнамаға сәйкес ел аумағынан шығарылды. Біздің міндетіміз – құқық тәртібін қамтамасыз ету, қала тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген барлық адамдардың заңға бағынуын қамтамасыз ету", – деді Алматы қаласы ПД Көші-қон қызмет басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Азаматарды елден шығару іс-шарасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әрбір тұлғаның құжаттық рәсімделуі және шекараға дейінгі қауіпсіз тасымал бақылауымен жүргізілді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты